"Тізбектер және прогрессия" тақырыбын оқыту әдістемесі
| dc.contributor.author | Балтабаева Г.К. | |
| dc.contributor.author | Әмір Г.С. | |
| dc.date.accessioned | 2026-05-29T07:37:54Z | |
| dc.date.issued | 2026-02-13 | |
| dc.description.abstract | Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқушылардың логикалық ойлауын, функционалдық сауаттылығын дамыту маңызды. «Тізбектер және прогрессия» тақырыбы математиканың логикасын түсінуге, есеп шығару дағдысын дамытуға үлкен үлес қосады. Бұл тақырып оқушылардың жалпылау, заңдылықтарды табу, формула құру және қолдану қабілеттерін дамытады. Прогрессия – тізбектің арнайы түрі, онда мүшелер белгілі бір ережемен өзгереді. Негізгі екі түрі – арифметикалық және геометриялық прогрессия оқытылады. Арифметикалық прогрессияда әрбір келесі мүше алдыңғысынан тұрақты санға (айырмаға) артық немесе кем болады. Мысалдар күнделікті өмірмен (жалақының өсуі, қадам саны т.б.) байланыстырылады. Геометриялық прогрессияда әрбір келесі мүше алдыңғысын тұрақты санға (еселікке) көбейту арқылы табылады. Бұл бөлім пайыз, өсім, кему, күрделі пайыз есептерімен байланыстырылады. Тізбектер мен прогрессиялар тақырыбы оқушылардың математикалық ойлауын дамытып, формуламен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады және жоғары сыныптағы алгебралық тақырыптарға негіз болады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, оқыту әдістерінің алуан түрлілігі мен заманауи технологияларды тиімді қолдану осы тақырыпты меңгертуге ықпал етеді. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында практикалық, өмірмен байланысты тапсырмалар ұсынылуы маңызды. Мұғалім тек теорияны ғана емес, оның нақты өмірдегі қолданысын көрсетуге ұмтылуы қажет. | |
| dc.identifier.uri | https://dspace.ksu.edu.kz/handle/123456789/9125 | |
| dc.publisher | Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly | |
| dc.subject | функционалдық сауаттылық | |
| dc.subject | тізбек | |
| dc.subject | заңдылық | |
| dc.subject | прогрессия | |
| dc.subject | әдістемелік тәсіл | |
| dc.subject | практикалық–бағдарланған оқыту | |
| dc.subject | логикалық ой–өріс | |
| dc.title | "Тізбектер және прогрессия" тақырыбын оқыту әдістемесі | |
| dc.type | Article |