Абай шығармаларын жасанды интеллект көмегімен оқыту
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Бұл мақалада қазақ әдебиеті сабақтарында Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқытуда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрландыру үдерісі аясында ЖИ құралдарының оқушылардың оқу белсенділігін арттырудағы, әдеби мәтінді терең түсінудегі және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөлі айқындалады. Мақалада Абайдың өмірі мен
шығармашылығын меңгертуде бейнефильм жасау, құрылымдалған мәтін құрастыру, өлең мен қара сөздерді талдау, комикс, пазл және QR–код әдістерін қолданудың тиімділігі сипатталады. Жасанды интеллекттің оқу тапсырмаларын жекешелендіру, мәтінге талдау жасау және кері байланыс беру мүмкіндіктері нақты мысалдар арқылы дәлелденеді. Сонымен қатар ЖИ–ді қолдануда мұғалімнің жетекші рөлі мен академиялық адалдықты сақтау мәселелері де қарастырылады.