Химиядағы сандық ұғымдарды меңгертуде интерактивті әдістердің тиімділігі
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі химия пәнін оқытуда түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етуде. Химиядағы сандық ұғымдарды (мольдік масса, ерітінділер концентрациясы, стехиометриялық есептеулер) меңгеру студенттердің абстрактілі ойлау қабілетіне тікелей байланысты болғандықтан, оларды түсіну білім алушылар үшін елеулі қиындықтар туғызады. Зерттеудің өзектілігі осы күрделі ұғымдарды визуалдандыру және оқуға деген қызығушылықты
арттыру арқылы студенттердің оқу жетістіктерін жақсартуға бағытталған. Зерттеу салыстырмалы педагогикалық эксперимент негізінде жүргізілді. Жалпы 30 студенттен тұратын эксперименттік және бақылау топтары қалыптастырылды. Эксперименттік топта интерактивті оқыту құралдары, соның ішінде симуляциялық бағдарламалар белсенді қолданылды, ал бақылау тобы дәстүрлі лекциялық және практикалық сабақтар форматында оқытылды. Алынған нәтижелер Стьюденттің t–критерийі арқылы статистикалық өңдеуден өткізілді.