АЗАЛАУ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ВЕРБАЛДЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ (Ж. АЙМАУЫТОВТЫҢ «АҚБІЛЕК» РОМАНЫ НЕГІЗІНДЕ)

Жүктеу...
Кішірейтілген сурет

Кездесуге

Авторлар

Журналдың атауы

ISSN журналы

Томның атауы

Баспагер

Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly

Дерексіз

Мақалада қазақтың азалау ғұрып фольклорының көркем мәтінде вербалдану ерекшеліктері Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романының тілдік деректері негізінде талданады. Зерттеу барысында қазаға байланысты қалыптасқан дәстүрлі ғұрыптық лексика мен фольклорлық формулалардың көркем прозадағы қызметі айқындалады. Нақты мәтіндік деректер арқылы көңіл айту, жоқтау, дауыс шығару сияқты азалау рәсімдерінің тілдік көріністері, сондай-ақ тұл, бір жылдық меже тәрізді этномәдени мәні бар лексемалардың семантикалық жүктемесі қарастырылады. Романдағы азалау ғұрып фольклоры кейіпкерлердің ішкі психологиялық күйін танытумен қатар, дәстүрлі қоғамдағы қазаға қатысты мінез-құлық нормаларын, әлеуметтік талаптар мен ритуалдық үлгілерді бейнелейтін көркемдік құрал ретінде көрініс табады. Әсіресе жоқтаудың көркем мәтіндегі трансформациясы назарға алынып, оның кейіпкердің шынайы ішкі қайғысынан гөрі, сырттан үйретілген, қалыпқа түскен фольклорлық форма ретінде берілуі талданады. Нәтижесінде азалау ғұрып фольклоры роман құрылымында ғұрыптық сана, қоғамдық ой және жеке тұлғалық сезім тоғысқан көпқабатты тілдік-мәдени жүйе ретінде сипатталады.

Сипаттама

Дәйексөз

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By