Студенттердің soft skills дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Қазіргі еңбек нарығының талаптары студенттердің «икемді» дағдыларын дамытуға бағытталған оқу бағдарламаларын әзірлеу қажеттілігін айқындады. Soft skills дағдыларының жиынтығы әмбебаптық, тиімді коммуникация, басқару, жауапкершілік және дамыған сыни ойлау құзыреттерін қалыптастыруды көздейді. Зерттеу жұмысының мақсаты – педагогикалық жоғары оқу орны бакалаврларының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру жағдайында «икемді» технологияларды дамытудың рөлін анықтау, сондай–ақ оқу жоспарларының құрылымындағы өзгерістерді ескере отырып, студенттер үшін аса сұранысқа ие soft skills бағыттарын қарастыру
болып табылады.Мақалада «икемді» дағдыларды дамытудың негізгі бағыттары, оларды қалыптастырудың технологиялары мен әдістері қарастырылған. Негізгі әдістердің қатарына мыналар жатады: өзін–өзі оқыту; жобалық және кейс–әдіс; фондық тренингтер; нетворкинг және ӛзге адамдардың тәжірибесі арқылы оқыту; кері байланыс іздеу; электрондық дәрістер.Мақалада «икемді» дағдылардың негізгі топтары айқындалады, олардың қатарында: базалық коммуникативтік дағдылар, тиімді ойлау дағдылары, self–менеджмент, форсайттық басқару бар. Ауқымды міндеттерді жүзеге асыру, еңбек нарығында нақты жұмысқа орналасу перспективаларын ашу және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін soft skills құрамына кіретін бірқатар маңызды қасиеттерді дамыту қажет.