ЖОО студенттерінің кәсіби өзін–өзі анықтауын қалыптастырудағы психологиялық–педагогикалық сүйемелдеудің рөлі
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Психологиялық–педагогикалық сүйемелдеу жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби өзін–өзі анықтауын қалыптастырудың маңызды тетігі болып табылады, ол тұлғалық дамуды еңбек нарығының талаптарымен үйлестіруге бағытталған. Бұл мақалада кәсіби өзін–өзі анықтауды қалыптастырудың теориялық негіздері талданып, психологиялық–педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен рӛлі айқындалады. Зерттеуде әдіснамалық тәсілдер (жеке–бағдарлы, құзыреттілікке негізделген және қызметтік тәсілдер) негізделіп, зерттеу әдістері сипатталады (сауалнама, бақылау, диагностикалық әдістер, салыстырмалы талдау). Студенттердің кәсіби бағыттылығы мен кәсіби сенімділік деңгейін бағалау нәтижелері ұсынылады. Психологиялық–педагогикалық сүйемелдеуді жүйелі ұйымдастыру студенттердің кәсіби таңдауының саналылығын арттырып, кәсіби ӛзін–ӛзі анықтау деңгейінің жоғарылауына ықпал ететіні анықталды.