ДЗЮДО КҮРЕСШІЛЕРІНІН ЖАРЫС АЛДЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСТІ БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІ

Жүктеу...
Кішірейтілген сурет

Кездесуге

Журналдың атауы

ISSN журналы

Томның атауы

Баспагер

Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly

Дерексіз

Жарыс алдындағы психологиялық дайындықтың ерекшелігі оның көпқұрылымды және көпдеңгейлі сипатында. Бұл дайындықтың құрамына мотивациялық, эмоциялық, еріктік, когнитивтік және мінез-құлықтық компоненттер енеді. Мотивациялық компонент спортшының жеңіске деген ұмтылысын, мақсатқа бағытталуын, ішкі ниетінің тұрақтылығын сипаттайды. Эмоциялық компонент қобалжу деңгейін, толқу сипатын, эмоцияны басқару қабілетін көрсетеді. Еріктік компонент қиындықты жеңу, өзін-өзі мәжбүрлей алу, тәртіпті сақтау, сабырлылық таныту қабілетімен байланысты. Когнитивтік компонент жарысты саналы түрде түсіну, қарсылас туралы ойлау, тактиканы жоспарлау, назарды шоғырландыру ерекшеліктерін қамтиды. Ал мінез-құлықтық компонент жарыс алдындағы және жарыс кезіндегі нақты іс-әрекеттердің тұрақтылығын, сенімділігін және нәтижелілігін білдіреді. Дзюдошылар үшін аталған компоненттердің барлығы ерекше маңызға ие. Себебі дзюдо – жоғары қарқынды, қысқа уақытта шешім қабылдауды қажет ететін, қарсыласпен тікелей байланысқа негізделген спорт түрі. Мұнда спортшының тек физикалық дайындығы ғана емес, оның өзін-өзі ұстай білуі, қысым кезінде тактиканы жоғалтпауы, қарсыластың әрекетін оқи алуы, өз эмоциясын сыртқа шығармай басқаруы аса қажет. Дзюдошы татамиге шыққан сәттен бастап үлкен психологиялық жүктемені бастан кешіреді. Оның ойында қарсыластың деңгейі, бапкерлердің үміті, өз нәтижесіне деген жауапкершілік, көрермендердің назары, жеңіліп қалудан қорқу сияқты сан алуан факторлар тоғысады. Мұндай жағдайда психологиялық дайындықтың болмауы немесе жеткіліксіздігі спортшының нақты мүмкіндігін төмендетуі мүмкін.

Сипаттама

Дәйексөз

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By