Бастауыш сынып оқушыларының мәтіндік есептерді шешуге үйретуде медиақұралдарды енгізу
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына мәтіндік есептерді оқытуда медиа–құралдарды қолданудың теориялық негіздері мен практикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Мәтіндік есептердің математиканы оқытудағы білімділік, дамытушылық және тәрбиелік маңызы айқындалып, оларды шешу барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін дамыту жолдары сипатталады. Медиақұралдардың (визуалды, дыбыстық, интерактивті және көрнекі құралдар) жіктелуі педагогика және медиапедагогика ғылымдарының негізгі теорияларына сүйене отырып талданады. Сонымен қатар, мәтіндік есептерді шешу кезеңдерінде
медиақұралдарды мақсатты қолданудың әдістемелік ерекшеліктері көрсетіліп, олардың бастауыш сынып оқушыларының есеп мазмұнын түсінуі мен есеп шығару дағдыларын қалыптастырудағы тиімділігі негізделеді.