ШӨПТЕСІН ӨСІМДІКТЕР ФЛОРАСЫНА УРБАНДАЛҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫНДА ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ (ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)
| dc.contributor.author | Султангазина,Г.Ж. | |
| dc.contributor.author | Сейтқазы М.Ә. | |
| dc.date.accessioned | 2026-06-11T07:34:52Z | |
| dc.date.issued | 2026 | |
| dc.description.abstract | Мақалада Қостанай қаласының урбандалған ортасындағы шөптесін өсімдіктер флорасына жүргізілген таксономиялық талдау нәтижелері ұсынылған. Зерттелген аумақта урбанофлора құрамында 495 өсімдік түрі, 253 туыс және 68 тұқымдас анықталды. Олардың басым бөлігі (98,8%) Magnoliophyta бөліміне (оның ішінде Magnoliopsida класы – 79,18%, Liliopsida – 20,82%) жатады; Equisetophyta (0,60%), Polypodiophyta (0,40%) аз ғана үлес алады. Жетекші тұқымдастар: Asteraceae (91 түр, 18,3%), Poaceae (44 түр, 8,9%), Fabaceae (38 түр, 7,7%), Brassicaceae (32 түр, 6,6%), олар жалпы түрлердің 63,7%-ын құрайды; туыстар деңгейінде Asteraceae (41 туыс, 16,1%), Poaceae (25 туыс, 9,8%), Brassicaceae (23 туыс, 9,1%) басым, ал Astragalus (15 түр, 3,0%) және Artemisia (13 түр, 2,6%) ерекше көзге түседі. Флораның таксономиялық құрылымында Magnoliophyta бөлімі басым болып, 490 түрді (98,8%), 250 туысты (98,43%) және 65 тұқымдасты (94,2%) қамтиды. Оның ішінде Magnoliopsida класына 388 түр (79,18%), ал Liliopsida класына 102 түр (20,82%) жатады. Таксономиялық спектрлер урбанофлораның синантропизациялануын және антропогендік факторлардың (құрғақ континенттік климат, өнеркәсіптік жүктеме) әсерін көрсетеді, бұл Солтүстік Қазақстан урбандық эко-жүйелерінің типологиялық ерекшеліктерін айқындайды. Нәтижелер биоалуантүрлілікті бағалауға, экологиялық индикацияға және көгалдандыру стратегияларын әзірлеуге негіз болады. | |
| dc.identifier.uri | https://dspace.ksu.edu.kz/handle/123456789/9619 | |
| dc.publisher | Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly | |
| dc.subject | урбандалған орта | |
| dc.subject | таксономиялық талдау | |
| dc.subject | шөптесін өсімдіктер флорасы | |
| dc.subject | Қостанай урбанофлорасы | |
| dc.subject | биологиялық әртүрлілік | |
| dc.title | ШӨПТЕСІН ӨСІМДІКТЕР ФЛОРАСЫНА УРБАНДАЛҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫНДА ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ (ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА) | |
| dc.type | Article |