Оқушылардың әдеби шығармаларды қабылдау дағдыларынқазақ тілі сабағында дамыту
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Бұл мақалада оқушылардың әдеби шығармаларды қабылдау дағдыларын бағалау бойынша зерттеулер берілген.Шығармаларды оқу арқылы оқушы жазу, сыни ойлау мен талдау дағдыларын дамытады. Оқушының өз сенімін, пікірін, көзқарасын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. Зерттеу барысында мектеп оқушыларының әдеби түсінігі мен әдеби шығармаларды қабылдау дағдылары бағаланады, бұл олардың әдеби құзыреттілігін арттыруға, көркем шығармаларды оқуға, түрлі тапсырмаларды орындауға ықпал етеді. Зерттеуге Қазақстандағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып оқушылары (саны – 1140) қатысты. Оқушылардың көркем әдебиетті оқу, оқиғаларды жеке өмірімен байланыстыруы, әдеби дағдыларды меңгеруі топтастыру негізінде қарастырылды. Әдеби шығарманы қабылдау дағдылары мен оқушылардың сөйлеу әрекеттері бойынша оқу
жетістіктері арасындағы байланыс талданды. Нәтижесінде оқушылардың әдеби шығармаларды қабылдау дағдылары жақсы деңгейде, ал автордың көзқарасын тану, мәтінге баға беру, бағалау дағдылары салыстырмалы түрде орташа екені белгілі болды.