ШӨПТЕСІН ӨСІМДІКТЕР ФЛОРАСЫНА УРБАНДАЛҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫНДА ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ (ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)

Жүктеу...
Кішірейтілген сурет

Кездесуге

Журналдың атауы

ISSN журналы

Томның атауы

Баспагер

Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly

Дерексіз

Мақалада Қостанай қаласының урбандалған ортасындағы шөптесін өсімдіктер флорасына жүргізілген таксономиялық талдау нәтижелері ұсынылған. Зерттелген аумақта урбанофлора құрамында 495 өсімдік түрі, 253 туыс және 68 тұқымдас анықталды. Олардың басым бөлігі (98,8%) Magnoliophyta бөліміне (оның ішінде Magnoliopsida класы – 79,18%, Liliopsida – 20,82%) жатады; Equisetophyta (0,60%), Polypodiophyta (0,40%) аз ғана үлес алады. Жетекші тұқымдастар: Asteraceae (91 түр, 18,3%), Poaceae (44 түр, 8,9%), Fabaceae (38 түр, 7,7%), Brassicaceae (32 түр, 6,6%), олар жалпы түрлердің 63,7%-ын құрайды; туыстар деңгейінде Asteraceae (41 туыс, 16,1%), Poaceae (25 туыс, 9,8%), Brassicaceae (23 туыс, 9,1%) басым, ал Astragalus (15 түр, 3,0%) және Artemisia (13 түр, 2,6%) ерекше көзге түседі. Флораның таксономиялық құрылымында Magnoliophyta бөлімі басым болып, 490 түрді (98,8%), 250 туысты (98,43%) және 65 тұқымдасты (94,2%) қамтиды. Оның ішінде Magnoliopsida класына 388 түр (79,18%), ал Liliopsida класына 102 түр (20,82%) жатады. Таксономиялық спектрлер урбанофлораның синантропизациялануын және антропогендік факторлардың (құрғақ континенттік климат, өнеркәсіптік жүктеме) әсерін көрсетеді, бұл Солтүстік Қазақстан урбандық эко-жүйелерінің типологиялық ерекшеліктерін айқындайды. Нәтижелер биоалуантүрлілікті бағалауға, экологиялық индикацияға және көгалдандыру стратегияларын әзірлеуге негіз болады.

Сипаттама

Дәйексөз

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By